Масктың «Starlink» жер серігі сынақтан өтті

АҚШ армиясы келесі айда «Starshield» нұсқасын Гавайи штатында қосымша сынақтан өткізуді жоспарлап отыр.

2049987
Масктың «Starlink» жер серігі  сынақтан өтті

Америка Құрама Штаттары (АҚШ) армиясы Илон Масктың «Starlink» жер серігі жүйесінің әскери нұсқасының бақылау сынақтарын сәтті аяқтағанын хабарлады.

"The Defence Post" басылымының хабарына қарағанда АҚШ армиясы қауіпсіз желі құру үшін Жер шарының төменгі орбитасында жер серігін пайдаланатын "Starlink-тің" «Starshield» нұсқасын сынақтан өткізді.

Полковник Брэндон Тиг негізгі станцияда сынақтар жүргізілгенін және барлық жүйелер тамаша жұмыс істегенін айтты.

«Бізде қазірдің өзінде жер серігі байланыс жүйесі бар, бірақ қажет болған жағдайда «Starshield» нұсқасы бізге резервтік байланысқа ие болу үшін басқа мүмкіндік береді» деді Брэндон Тиг.  

Негізгі байланыс желілерін «жаулар» талқандаған жағдайда жүйе резервтік байланыс желісі ретінде пайдаланылады.

АҚШ армиясы келесі айда «Starshield» нұсқасын Гавайи штатында қосымша сынақтан өткізуді жоспарлап отыр.



Ұқсас жаңалықтар