Эмине Ердоған Анадолыдағы ең көне тоқыма өнімдерін таныстырды

Эмине Ердоған Анадолыдағы ең көне тоқыма өнімдерін мемлекет басшыларының жұбайларына таныстырды.

2040068
Эмине Ердоған Анадолыдағы ең көне тоқыма өнімдерін таныстырды
emine erdogan anadolu tekstili2.jpg
emine erdogan anadolu tekstili1.jpg
emine erdogan anadolu tekstili.jpg

Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) 78-ші Бас ассамблеясы жиындары аясында Нью-Йоркте болған президент Режеп Тайып Ердоғанның жұбайы Эмине Ердоған Анадолыдағы ең көне тоқыма өнімдерін мемлекет басшыларының жұбайларына таныстырды.

Эмине Ердоған Нью-Йорк Түрікевинде Ұлттық білім беру министрлігіне қарасты жетілу институттарында өндірілген қолдан жасалған тоқыма бұйымдары көрсетілген бағдарламада басқа ел басшыларының жұбайлары мен құрметті шетелдік қонақтарға арнап  сөз сөйледі.

«Түркияның тоқыма атласы» іс-шарасының «Анадолының теңдессіз мәдени қазыналарын адамзаттың әмбебап мұрасына қосу мақсатында» ұйымдастырылғанын атап өткен Эмине Ердоған әлемдегі ең көне тоқыма бұйымдарының Анадолыдағы Чатал-Хюк қазбаларда табылғаны және тарихының  9 мың жыл бұрынға барып тірелгені туралы ақпаратпен бөлісті.

Анадолының әртүрлі аймақтарына тән баға жетпес түрік маталары ұсынылған көрмеде қонақтарна қолдан жасалған тоқыма бұйымдарын бірінен соң бірін таныстырған Эмине Ердоған батыстықтар «брока» деп атайтын нашар тоқыманың «ең сирек үлгілерінің» тіпті б.зб. бұрын-ақ Бурса мен Амасрада тоқи басталғанын түсіндірді.

Эмине Ердоған Османлы дәуірінде зығыр мата, жібек, жүн және мақта жіптерінен тоқылған және табиғи бояғыштармен боялған маталар тек төзімділігімен ғана емес, денсаулықты қорғау үшін де құнды екенін түсіндірді.

Түркияның тоқыма өнеркәсібінің жетістіктеріне тоқталған Эмине Ердоған түрік тоқыма шеберлерінің ЮНЕСКО-ның Материалдық емес мәдени мұраны қорғау конвенциясы аясында тірі адам қазыналары тізіміне тіркелгенін айтты.

АҚШ сән әлемінің көрнекті тұлғалары қатысқан шараға Кения, Сербия, Албания, Хорватия және Солтүстік Македония көшбасшыларының жұбайлары да қатысты.



Ұқсас жаңалықтар