Президенттік Түркия велотуры таныстыру жиналысы өтті

Таныстыру жиналысы Таксимдегі Ататүрік мәдени орталығында өтті.

2036604
Президенттік Түркия велотуры таныстыру жиналысы өтті

Түркияның 58-ші Президенттік велотурының (Tour of Turkey 2023) таныстыру жиналысы өтті.

23-30 сәуір күндері аралығында Жастар және спорт министрлігінің қолдауымен Түркия Велоспорт федерациясы тарапынан жоспарланған велотуры 6 ақпандағы жер сілкінісіне байланысты 8-15 қазанда өтеді.

8 қазанда Алания-Анталия кезеңімен басталатын жарыс 15 қазанда Стамбул-Сұлтанахмет кезеңімен аяқталады.

Таныстыру жиналысы Таксимдегі Ататүрік мәдени орталығында өтті.

Жиынға Президент Әкімшілігі Басқармасының қолдау және қаржы қызметтері бас директоры Мехмет Тунджер, Жастар және спорт министрлігі Спорт қызметтері бас директорының орынбасары Мурат Коджакая, Түркия Велоспорт федерациясының төрағасы і Эмин Мүфтүоғлу, Бейкоз қаласының әкімі Мұрат Айдын және қонақтар қатысты.



Ұқсас жаңалықтар