«Чағлаянджерит жаңғағы» ЕО-тың географиялық белгісін алды

Кахраманмараш мэрі Хайреттин Гүнгөр тақырыппен байланысты баспасөз мәслихаты өткізді.

1999912
«Чағлаянджерит жаңғағы» ЕО-тың географиялық белгісін алды

Атын Кахраманмарашта өсетін ауданнан алған «Чағлаянджерит жаңғағы» Еуроодақтың (ЕО) географиялық белгісін алды.

Кахраманмараш қаласының мэрі Хайреттин Гүнгөр журналистерге «Чағлаянджерит жаңғағының» қалада ЕО-тың географиялық белгісін алған алғаш өнім екенін мәлімдеді.

Жаңғақтың қосылған құнын арттыру үшін жұмыстардың жалғасып жатқанын атап көрсеткен Гүнгөр «2012 жылы Түрік патент және тауар белгілері кеңсесінде тіркелу арқылы географиялық белгі алған жаңғағымыз қазір де ЕО-да географиялық белгісі бар өнім ретінде тіркелді. 2020 жылы ЕО-қа берген өтінішіміз 3 жылдық келіссөздердің нәтижесінде сәтті аяқталып, ЕО ресми газетінде жарияланып, «Чағлаянджерит жаңғағы» ЕО географиялық белгіге ие болды. Бұған қуаныштымыз» деді.

«Чағлаянджерит жаңғағының» үлкендігі және ішінің ақтығы, қабғының жіңішке болуы, өзіне тән ароматымен басқа аймақтарда өндірілген жаңғақтармен салыстырғанда сапа мен дәмі тұрғысынан өте көп айырмашылығы бар екенін атап көрсеткен Гүнгөр «» деді.

Біз алған ЕО географиялық белгімен бірге «Чағлаянджерит жаңғағының» халықаралық танылуы және бәсекеге қабілеттілігі артады. Оның ішкі сұраныс пен экспорттық әлеуеті күшейеді, сонымен қатар аймақтық экономика және жұмыспен қамтуға ықпал етеді.



Ұқсас жаңалықтар