ПСЖ-да Месси дәуірі аяқталды

Мессидің Сауд Арабиясы лигасына ауысатыны туралы айтылып жүр.

1994421
ПСЖ-да Месси дәуірі аяқталды

«Пари Сен-Жермен» бас бапкері Кристоф Галтиер аргентиналық футболшы Лионель Мессидің командадан кететінін мәлімдеді.

"Футбол тарихындағы ең үздік ойыншыны жаттықтыруға мүмкіндігім болды. Клермондағы ойын Лионель Мессидің «Пак дес Прайстағы» соңғы ойыны болады", - деді Галтиер мәлімдемесінде.

Аргентиналық жұлдыз өз мансабында «Ньюэллс Олд Бойз», «Барселона» және «ПСЖ» командаларында ойнады.

Соңғы рет 2022 жылғы әлем чемпионатында жеңіске жеткен Мессидің Сауд Арабиясы лигасына ауысатыны туралы айтылып жүр.



Ұқсас жаңалықтар