Муглаға шетелдік туристтер келіп жатыр
Мугланың Мамарис ауданына Мальта жалауы бар «Azamara Onward» круиздік кемесі келді.
Мальта жалауы бар «Azamara Onward» круиздік кемесі Америка Құрама Штаттары және британдық жолаушылармен Мугланың Мармарис ауданына келді.
Родос портына барғаннан кейін Мармариске бағыт алған ұзындығы 181 метрлік кеме Мармарис круиз портына аялдады.
Кемеде 613 жолаушы мен 430 қызметкер болғаны, олардың көпшілігі АҚШ пен Ұлыбритания азаматтары екені айтылды.
Кедендік процедуралардан кейін туристер кемеден шығып, Мармарис базары, Калейчи және теңіз айдынын аралады.
Тарихи және туристік жерлерді де аралаған туристердің бір бөлігі Далян Каунос турына қосылды.
Кеменің кешкі уақытта Крит портына аттанатыны атап өтілді.
Ұқсас жаңалықтар
Ататүрікті еске алу, жастар және спорт мерекесі
Кеше ел көлемінде әрі Ататүрік еске алынуда, әрі жастар мен спорт мерекесі тойланды.