Кристиан Атсудың жаназасы еліне жеткізілді
Атсудың денесін тасыған ұшақ Котока халықаралық әуежайына барып қонды.
1948418
Кахраманмараш жер сілкіністері кезінде Хатайдың Антакия ауданында қираған үйдің қирандылары астында қаза тапқан «Атакаш Хатайспорт» командасының футболшысы Кристиан Атсудың жаназасы елі Ганаға жеткізілді.
Атсудың денесін тасымалдаған Түрік Әуе жолдарының (THY) Стамбул-Акра рейсі Гананың астанасы Акра қаласындағы Котока халықаралық әуежайына барып қонды.
Жаназаны әуежайда президенттің орынбасары Махамуду Бавумия, сондай-ақ министрлер, футболшының отбасы және жанкүйерлері қарсы алды.
Ұқсас жаңалықтар
Ататүрікті еске алу, жастар және спорт мерекесі
Кеше ел көлемінде әрі Ататүрік еске алынуда, әрі жастар мен спорт мерекесі тойланды.