«British Airways» қызметкерлері үшін жаңа топтама

Әйел қызметкерлерге арналған комбинезон, туника және орамал нұсқалары да болатынын хабарлады.

1930126
«British Airways» қызметкерлері үшін жаңа топтама

Ағылшын «British Airways» (BA) авиакомпаниясы өзінің жаңа форма топтамасында әйел қызметкерлерге арналған комбинезон, туника және орамал нұсқалары да болатынын хабарлады.

Авиакомпанияның  мәлімдемесінде әуе компаниясының қызметкерлерінің 20 жылға жуық уақыттан кейін киімдерін бірінші рет толықтай өзгертетіні және биылғы көктемнен бастап шамамен 30 мың қызметкердің жаңа формаға ауысуы жоспарланғаны айтылды.

Әуе  компаниясының жаңа форма топтамасында ерлерге арналған үш бөліктен тұратын костюм, қалыпты және тар стильдегі шалбар, ал әйелдер үшін көйлек, юбка және шалбар таңдауымен қоса алғаш рет комбинезон, туника және жабық киім нұсқалары енгізілген.

Әуе компаниясы қызметкерлерінің жаңа киім топтамасын Гана отбасынан шыққан британдық сәнгер Озвальд Боатенг бес жылдай уақыт ішінде дайындаған.



Ұқсас жаңалықтар