THY-ның табысы шетел баспасөзінде

«Der Spiegel» THY-нің әлемдік рейтингте 7-ші орынға көтерілгенін білдірді.

1886119
THY-ның табысы шетел баспасөзінде

Түрік Әуе Жолдарының (THY) табысы неміс баспасөзінде кең орын алды.

Көптеген неміс газеттері «Үздік әуе компаниясы» сауалнамасында табыссыз болған Lufthansa-ны сынға алды.

Ұлыбританияның «Skytrax» компаниясы 7-ші рет ұйымдастырған «World Airlines Awards» марапаты өз иелерін тапты.

Неміс газеті «Der Spiegel» нәтижені «THY Lufthansa-ны басып озды» деген тақырыппен жариялады.

Хабарда екі әуе компаниясын салыстырған «Der Spiegel» THY-нің әлемдік рейтингте 7-ші орынға көтерілгенін білдірді. Газет Lufthansa-ның 9-дан 15-ке төмендегенін сынға алды.

Мақалада: «Сізге қай әуе компаниясы көбірек ұнайды деген сұрақ 13 миллионнан астам адамға қойылды. Нәтиже: Lufthansa тізімде төмендеуді жалғастыруда» делінген.

Ұлыбританияның бас қаласы Лондонда ұйымдастырылған марапаттау рәсімінде Түрік Әуе жолдары «Еуропаның үздік әуе компаниясы», «Әлемдегі ең үздік бизнес-кластағы тамақтандыру» және «Оңтүстік Еуропаның үздік әуе компаниясы» жүлделеріне  ие болды.



Ұқсас жаңалықтар