Селман Нажар «WIP Еуропа» жүлдесін алды

Өткен жылы «Екі таңның арасында» фильмімен "WIP Еуропа" жеңімпазы атанған Селман Нажар биыл «Күманның шегі» фильмімен осы марапатқа ие болды.

1883277
Селман Нажар «WIP Еуропа» жүлдесін алды

Испанияның ең маңызды кинофестивалі Сан Себастьян кинофестивалінде түрік режиссер Селман Нажар «WIP Еуропа» жүлдесін жеңіп алды.

Биыл 70-ші мәрте өткізіліп жатқан фестиваль Еуропа мен Латын Америка киносының өндірісін ынталандыру және фильмдердің түсірілгеннен кейінгі кезеңіндегі аяқталуына қолдау көрсету мақсатында берілген «индустрия марапаттары» өз иелерін тапты.

Өткен жылы «Екі таңның арасында» фильмімен "WIP Еуропа" жеңімпазы атанған Селман Нажар биылғы жылы «Күманның шегі» фильмімен дәл осындай марапатқа ие болды.

Сондай-ақ Селман Нажар 10 мың еуро ақшалай сыйлық алды.

Латын Америкасының фильмдері бақ сынайтын "WIP LATAM" сыйлығы аргентиналық режиссер Мартин Бенчимолдың «Әль Кастильо» фильміне берілді.

Сан-Себастьян кинофестивалінде «Алтын мидия» бас жүлдесін жеңіп алатын фильм 24 қыркүйекте белгілі болады.



Ұқсас жаңалықтар