Жеңіл атлетикада тарихи жеңіс

Ясемин Джан чемпионат тарихында 10 мың метрде екі рет чемпион атанған алғашқы әйел атлет болды.

1868835
Жеңіл атлетикада тарихи жеңіс

Еуропа жеңіл атлетика чемпионатында 10 мың метрде 30:32,57-лік дәрежесімен алтын медаль жеңіп алған түркиялық атлет Ясемин Джан чемпионат тарихында осы салада екі рет чемпион атанған алғашқы әйел атлет болды.

Түркия Жеңіл атлетика федерациясы президенті Фатих Чинтимар: « Түркия жеңіл атлетика федерациясына 15 тамызда 100 жыл толды. 100 жылдық мерейтойымызды тойлаған күні  атлетіміз Ясемин Джан 10 мың метрде алтын медаль жеңіп алды. Ол 10 000 метрде екі рет чемпиондық атағын жеңіп алған тұңғыш әйел спортшы ретінде тарихқа енді. Бұл жетістік біз үшін өте маңызды. Біз өте қуаныштымыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар