Украина орыс кітаптары мен музыкасына шектеме қойды

Шектеме 1991 жылы Кеңестер Одағы ыдырағаннан кейін Ресей азаматтығына ие болғандарды ғана қамтиды.

1845609
Украина орыс кітаптары мен музыкасына шектеме қойды

Украина Парламенті орыс кітаптары мен музыкасына қатаң шектеулер қоятын екі заңға дауыс берді.

Заңдардың бірі - Ресей төлқұжатынан бас тартып, Украина азаматтығын алмаған орыс азаматтарының кітап басып шығаруы шектеледі.

Шектеме 1991 жылы Кеңестер Одағы ыдырағаннан кейін Ресей азаматтығына ие болғандарды ғана қамтиды.

Екінші заң 1991 жылдан кейін Ресей азаматтығына кіргендердің медиа және мемлекеттік салада музыкамен айналысуын шектейді.

Украинаның Мәдениет министрі Александр Ткаченко жаңа шектемелерге риза болғанын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар