Көп ұйықтау салмақты азайтады екен

Мамандар тіпті көп ұйықтау арқылы үш жылда мөлшермен 12 килограмм салмақтан құтылуға болатынын білдірді.

1775310
Көп ұйықтау салмақты азайтады екен

Жаңа бір зерттеуге қарағанда көп ұйықтау салмақтан құтылудың жақсы жолы болуы мүмкін. 

Irish Examiner  парақшасында шыққан хабарда  Чикаго университетінің командасы ұйқының артық салмақпен  байланысын зерттеу үшін 80 ересек адамға клиникалық зерттеу жасағаны білдірілді.

Түнгі ұйқыға бір немесе одақ көп сағат қосудың адамдардың күнделікті калория қабылдауды 270 калорияға азайтқанын анықтаған зерттермендер мұның тіпті көп ұйықтау арқылы үш жылда мөлшермен 12 килограмм салмақтан құтылуға болатынын білдірді.

Мамандар түнде 6.5 сағаттан аз ұйықтаған жастар артық салмағы бар ересектердің ұйқы әдеттерін жақсарту бойынша кеңес беруден кейін түнде 1.2 сағат көп ұйықтауына болатынын анықтады.

Нәтижеде көп ұйықтаудың адамдардың жалпы калория алуын күнде орташа 270 калорияға азайтқаны және кейбір адамдардың 500 калория аз қолданғаны анықталды.

Зерттеу аясында қалыпты тамақтанған 80 ересек адам өз төсектерінде жатты, қалыпты киімдерімен ұйқылары бақылауға алынды, әрқандай бір диета немесе спорттық әрекет жасалмай, қалыпты тұрмыс өткізді.

Зерттеудің басында 21-40 жас арасындағы ересектердің дене салмағының индексі (BMI) 25 пен 29,9 арасында болды, бұл салмақтарының артық екенін көрсетеді.

Зерттеу нәтижелері Jama Internal Medicine журналында жарияланды.



Ұқсас жаңалықтар