Актриса Фатма Гирик қайтыс болды

Фатма Гирик 79 жасында өмірден өтті.

1767252
Актриса Фатма Гирик қайтыс болды
fatma girik.jpg
fatma girik1.jpg

Түрік кинематографиясының атақты актрисасы Фатма Гирик Стамбулда қайтыс болды.

Ұзақ уақыт бойы аурумен арпалысқан шебер актриса Фатма Гирик 79 жасында өмірден өтті.

Аурухананың мәлімдемесінде “Түрік киносының беделді актрисасы, ұмытылмас шебер Фатма Гирик  Ковид 19-ға байланысты вирустық пневмониядан емделіп жатқан жерінен қайтыс болды” деп айтылды.

Шишли ауданы басшысы Муаммер Кескин де әлеуметтік желідегі парақшасында осы тақырыпта мәлімдеме жасады.

«Йешилчамның (түрік кинематографиясы) және біздің Шишли ауданының ұлы тұлғасы, ауданның бұрынғы басшысы, қымбатты Фатма Гириктің қайтыс болуына байланысты қайғырып көңіл айтамын» деді ол.

1942 жылы 12 желтоқсанда Стамбул қаласында дүниеге келген шебер актриса 1957 жылы «Леке» фильмімен алғаш рет киноға түсіп, қазірге дейін 180-нен астам туындыда рол алды.



Ұқсас жаңалықтар