Жауынгерлік электронды соғыс жүйесі ТҚК тапсырылды

Жауынгерлік электронды соғыс жүйелері (ILGAR) Түрік Қарулы Күштеріне (ТҚК) тапсырылды.

1753824
Жауынгерлік электронды соғыс жүйесі ТҚК тапсырылды

Президенттік Қорғаныс өнеркәсібі төрағасы Исмаил Демир өзінің Твиттер аккаунтынан Жауынгерлік электронды соғыс жүйелерінің (ILGAR) Түрік қарулы күштеріне жеткізілгенін хабарлады.

Демир «Электрондық шабуыл мақсатты жетілдірілген, ұлттық бағдарламалық және аппараттық инфрақұрылымға ие Жауынгерлік электронды соғыс жүйесі "ILGAR" тактикалық салада қауіпсіздік күштерімізге үлкен артықшылық қамтамасыз етеді» деді.

Жауынгерлік электронды соғыс жүйесі (ILGAR) әртүрлі жиілік диапазонында байланысатын нысаналы байланыс жүйелеріне электронды шабуыл мақсатты жетілдірілді.

ILGAR нысанаға алынған жиілік диапазонында байланыстың алдын алу, кешіктіру немесе жалған ақпарат жеткізуге себеп болып, дос әскери жасақтарға тактикалық алаңда артықшылық қамтамасыз ету мақсатты қолданылады.



Ұқсас жаңалықтар