COP22 конференциясы Анталияда өтеді

Конференцияның тақырыбы  - «Көгілдір Жерорта теңізіне: Қоқыссыз мұра қалдыру; Биологиялық түрлілікті қорғау,  Климат теңгерімін жалғастыру»

1731926
COP22 конференциясы Анталияда өтеді

Жерорта теңізінің төңірегінің және жағалауының қорғалуы келісімінің 22-ші конференциясы COP22 7-10 желтоқсан күндерінде Анталияда өтеді.

ТР Қоршаған орта, қала және Климат өзгерісі министрі Мурат Курум Шотландияның Глазго қаласында болған БҰҰ Климат өзгерісі келісімінің 26-шы конференциясы шеңберінде Түркия стендіне барды. Ол осы жерде конференцияға баға берді.

Курум Түркияның министрлік ведомостволары, мемлекеттік ұйымдары, университеттер, үкіметтік емес ұйымдары және жеке меншік секторы бірігіп COP26 саммитіне қатысқанын айтты. Конференция шеңберінде Түркия ретінде қырықтан астам іс-шара ұйымдастырылғанын білдірген министр Түркияның климат өзгерісімен күрес жұмыстарын түсіндіргендерін айтты.

Глазгода екі апта бойы жүргізілген келіссөздерде тараптардың климат өзгерісімен күресте ынтымақтастық тақырыбын талқылағандарын атап көрсеткен министр: «Біз де Түркия ретінде келіссөзге маңызды үлес қостық» деді.

Ол байланыстары шеңберінде бірқатар кездесу өткізгенін,  климат өзгерісімен күрес жұмыстарын талқылағандарын айтты.

Министр Түркияның жасыл дамудың бастаушысы болатынын,  осы шеңберде қадам басылатынын айтып, Жерорта теңізінің төңірегінің және жағалауының қорғалуы келісімінің 22-ші конференциясы COP22-нің  7-10 желтоқсан күндері Түркияда өтетінін білдірді.

Министрдің айтуынша конференцияның тақырыбы  - «Көгілдір Жерорта теңізіне: Қоқыссыз мұра қалдыру; Биологиялық түрлілікті қорғау,  Климат теңгерімін жалғастыру»

Жиналысқа Жерорта теңізіне жағалаулас 21 елдің қоршаған орта министрлері, делегациялары, Еуропа Одағы және БҰҰ өкілдері қатысады.



Ұқсас жаңалықтар