Ұйқысыздық әрекетке әсер жасайды

Германо Кребс қалыпты жағдайда барша адамның 8 сағат толық ұйықтауы керектігін де тілге тиек етті.

1727734
Ұйқысыздық әрекетке әсер жасайды

Ұйқысыздық жүруге теріс әсер етуі мүмкін.

CNN-нің хабарына қарағанда ғалымдар ұйқысыздықтың әсерлерін анықтау үшін Бразилияның Сан-Паулу университеті студенттерінің ұйқы дағдысын зерттеген.

Студенттерге 14 күн бойынша ұйқы жабдығын таққан зерттермендер  осы арқылы олардың ұйқы және ояу кездерін тіркеген.

Нәтижесі "Scientific Reports" журналында жарияланған зерттеуде студенттердің түнде орташа 6 сағат ұйықтағаны анықталды.

Осыдан кейін студенттердің жүгіру жабдығына шығып, белгілі музыкалық ырғақ бойынша жүрулері сұралды.

Сан-Паулу университеті Мехатроника кафедрасынан жазушы Артуро Форнер-Кордоро:

"Студенттер өкшелерін ырғақпен үйлестіруге мәжбүр қалды және ұйқысы бұзылған адамдарда қатенің тіпті көп болғанын байқадық" деді. 

Артуро Форнер-Кордоро студенттер тобының ырғаққа ілесе алмағанын және нашар бейне көрсеткенін айтты. 

Мэриленд университетінің Медицина факультетінен Германо Кребс:

"Нәтижелер жүрудің автоматты бір процесс емес екенін және ұйқысыздықтың әсерінде қалуы мүмкін екенін көрсетті" деді.

Германо Кребс қалыпты жағдайда барша адамның 8 сағат толық ұйықтауы керектігін де тілге тиек етті.

Ұлттық Ұйқы қорының қарауынша күнде 10 минут жаяу жүру, велосибедке міну немесе басқа спорттық әрекеттер жасау түнгі ұйқының санасын көтереді.

АҚШ Ауруларды бақылау және алдын алу орталығы мидың қалыпты жұмыстануы үшін ересек адамдардың күнде кемінде 7 сағат,  мектеп жасындағы балалардың 9-12 сағат және өспірімдердің 8-10 сағат ұйқыға мұқтаж екенін білдірді. 



Ұқсас жаңалықтар