Олимпиада алауы Пекинде

2022 Қыс олимпиадасының алауы Қытайдың бас қаласы Пекинге жеткізілді.

1722153
Олимпиада алауы Пекинде

Грекияда салтанатпен жағылған 2022 Қыс олимпиадасының алауы Қытайдың бас қаласы Пекинге жеткізілді.

Афиныдан Пекинге ұшақ арқылы жеткізілген алай «Құс ұясы» деп аталатын Ұлттық стадионның қасындағы Пекин Олимпиада мұнарасында қарсы алынды.

Коммунистік партияның Пекиндегі хатшысы мен 2022 Қыс олимпиадасының ұйымдастыру комитетінің басшысы Джай Чи алаумен олимпиада қазанындағы отты жақты.

Олимпиада алауы алдынғы күні Грекиядағы ежелгі Олимпиа қаласында жағылған еді.

Қытай ұйымдастыратын Қыс олимпиадасы келесі жылы 4-20 ақпан күндерінде болады. Пекин бұдан бұрын 2008 жылы Жазғы олимпиада ойындарын ұйымдастырған болатын.



Ұқсас жаңалықтар