Хэмилтон: "Түркияға келгеніме қуаныштымын"

Льюис Хэмилтон  Стамбулда өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеме жасады.

1716550
Хэмилтон: "Түркияға келгеніме қуаныштымын"

Формула 1 жарысында чемпиондыққа үлкен үміткерлердің бірі, Мерседес командасының британдық жүргізушісі Льюис Хэмилтон өткен жылғы жарыс «бас айналдыратындай» болғанын айтып, Түркияға қайтадан келгеніне қуанышты екенін білдірді.

Түркия Гран-приінде бақ сынайтын Льюис Хэмилтон  Стамбулда өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеме жасады.

Карьерасында 7 мәрте әлем чемпионы болған Хэмилтон Ресей Гран-приіндегі 100-ші жеңісінен кейін өте жақсы реакциялар алғанын мәлімдеп: «Англияда, бүкіл елде және Лондонда адамдар 100 -ші жеңіске қатты қуанды.  Мен қайда барсам да, айналамдағы адамдар жеңісті тойлап жүр. Мен мұны күтпеп едім» деді.

Макс Верстаппенмен чемпиондық жарыстың стресі туралы сұраққа Хэмилтон: «Стресс жоқ деп айта алмаймын, бар, бірақ біз мүмкіндігінше жақсы дайындалып жатырмыз» деп жауап берді.



Ұқсас жаңалықтар