Паралимпиада басталмастан вирус жұқтырғандар саны артты

Паралимпиада келесі апта басталады.

1694246
Паралимпиада басталмастан вирус жұқтырғандар саны артты

Паралимпиада 2020 ойындарына аккредиттелген кісілердің арасынан коронавирус жұқтырғандар саны 74-ке жеткен.

Организация комитеті келесі аптада басталатын 2020 Паралимпиада ойындары шеңберінде қызмет ететін 16 кісіде ковид-19 анықталғанын жариялады.

Осылайша паралимпиадаға аккредиттелген кісілердің арасында вирус жұқтырғандар саны 74-ке жетті.  Вирус анықталған кісілер карантинге алынды.

160 ел және аймақтан келетін 4 мың 400 спортшы 22 спорт түрінен жарысады.  Ойын 24 тамыз – 5 қыркүйек күндері арасында өтеді.

8 тамыз күні аяқталған 2020 Токио Олимпиада ойындарында да 544 адам вирус жұқтырған болатын.



Ұқсас жаңалықтар