Бүлдіршіндер мереке қуаныштарын бейне клипке түсірді

Мектептер бос қалса да, 23 сәуірдің қуанышы бейне клиптер арқылы көрініс тапты.

1626979
Бүлдіршіндер мереке қуаныштарын бейне клипке түсірді

Жаңа типтегі коронавирус (ковид-19) эпидемиясына себепті көшелер, алаңдар мен мектептер бос қалса да, 23 сәуірдің қуанышы бейне клиптермен көрініс тапты.

Елдің түкпір-түкпірінен балалар 23 сәуір Ұлттық егемендік және балалар мерекесіне орай өздері дайындаған хабарламалармен қуаныштарын жеткізді.

Балалар өздерінің ұлттық нақыштағы киімдерін киіп, қалаларының мәдени орындарына барып бейне клип түсірді.

Эрзурумда жүзеге асқан «Менің қызықты мектеп шеберханам» жобасына қатысқан көптеген қаланың балалары 23 сәуір үшін бейне клип түсірді.

Амасияда болса балабақша оқушылары түсірген бір клип жариялады. 23 сәуір Ұлттық егемендік және балалар мерекесінде кішкентай бүлдіршіндердің ынта-ықыластары көруге тұрарлықтай болды.

Ай жұлдызды футболкалар киіп, әуенмен билеп, көңіл көтерді. Бартын мен Йозгатта болса балалар бейне камера алдында өнер танытты.

Үйлердің қабырғалары түрік жалауы, Ататүріктің фотосуреттері және түрлі-түсті шарлармен безендіріліп мереке атап өтілді.



Ұқсас жаңалықтар