"Монмартрдағы Көше көрінісі" 13 миллион еуроға сатылды

"Монмартрдағы Көше көрінісі" атты сурет 1887 жылы салынғаннан бері француз отбасының коллекциясында сақталған.

1609304
"Монмартрдағы Көше көрінісі" 13 миллион еуроға сатылды

Голландиялық танымал суретші Винсент Ван Гогтың "Монмартрдағы Көше көрінісі" атты еңбегі 13 миллион 91 мың еуроға сатылды.

Халықаралық Аукцион үйі Sotheby's Францияның астанасы Париж қаласында тікелей эфирде жарияланған бір аукционда Винсент Ван Гогтың "Монмартрдағы Көше көрінісі" атты еңбегі 13 миллион 91 мың еуроға сатылғанын білдірді.

Тарихи суреттің 5-8 миллион еуроға сатылуы күтіліп отырғанда Sotheby's еңбектің 13 миллион 91 мың еуроға сатылғанын және бұл бағаның Францияда бір рекорд екенін хабарлады.

Суретті сатып алған кісінің аты-жөні жарияланбады.  

Винсент Ван Гогтың Парижде өмір сүрген екі жылда салған 200-ден астам суретінің бірі болған еңбекте бір тиірмен, бір диқан мен екі баласы және жапырағы түскен ағаштардың көрінісі бар. 

"Монмартрдағы Көше көрінісі" атты сурет 1887 жылы салынғаннан бері француз отбасының коллекциясында сақталған. 



Ұқсас жаңалықтар