Ғарышқа интернет серігі ұшырылды

Америка SpaceX компаниясы ғарышқа 60 интернет серігін жолдады.

1601799
Ғарышқа интернет серігі ұшырылды

Илон Маск құрушы болған Америка зымыран, жасанды серік және ғарыш кемесін өндіретін SpaceX компаниясы ғарышқа 60 интернет серігін жолдады.

22-ші мәрте ғарышқа жолданған Starlink желісі серіктері Falcon 9 зымыранымен табысты түрде ғарышқа ұшырылды.

Серік Флоридадағы Мыс Канаверал ғарыш айлағынан ұшырылды. 

SpaceX компаниясы ғарыш интернеті жобасы аясында ғарышқа жасанды серік жолдайды.

SpaceX компаниясы ғарыш интернеті жобасы арқылы 2027 жылға дейін 12 мың интернет серігін ұшыруды нысанаға алды.  



Ұқсас жаңалықтар