Түркия 2020 жылы 16 миллион келушіні қабылдады

2020 жылы Түркияның туризм табысы 12 миллиард 59 миллион 320 мың доллар болып тіркелді.

1573811
Түркия 2020 жылы 16 миллион келушіні қабылдады

Мәдениет және туризм министрлігі мағлұматтарына қарағанда Түркияға 2020 жылы келген шетелдік турист саны 15 миллион 963 мың 997 болды.

2020 жылы Түркияның туризм табысы 12 миллиард 59 миллион 320 мың доллар болып тіркелді.

Адам басына шаққанда орташа шығынның 762 доллар екені анықталды.

2 миллион 128 мың 758 адаммен ең көп турист жіберген ел  Ресей болды.

Ресейден кейін 1 миллион 242 мың 961 келушімен Болгария, 1 миллион 118 мың 932 адаммен Германия келеді.

Келушілер тізімінде Германиядан кейін Украина, Ұлыбритания, Грузия, Ирак, Иран, Франция және Голландия орын алады.

Түркияға келген туристер таңдаған қалалардың басында Стамбул бірінші орынды иеледі.

Стамбулдан кейін Анталия, Эдирне, Муғла және Артвин келеді.



Ұқсас жаңалықтар