Түрік фильмдерінің сайты ашылды

"newturkishfilms.com" сайты қолданысқа ашылды.

1551390
Түрік фильмдерінің сайты ашылды

Түрік кинематографиясын кәсіпқой салада таныстыруды мақсат еткен "newturkishfilms.com" сайты қолданысқа ашылды.

Мәдениет және туризм министрлігі жанындағы Кинематография бас дирекциясының қолдауымен Кинематография туындыларын өндірушілер одағы тарапынан жүзеге асырылған кино сайты «Фестивальдер Стамбулда» бағдарламасының бір бастамасы ретінде құрылды. Сайт түріктің жаңа фильмдерінің халықаралық платформада таныстырылуын мақсат етеді.  Ағылшын тілінде дайындалған сайтта Түркияда түсірілген фильмдер сақталған.

Осы арқылы әрі түрік кинематографиясында түсірілген фильмдердің мұқият тізімге алынуы, әрі халықаралық секторға қажетті портал ретінде қызмет атқарады. Сайтта сонымен бірге түрік фильмдері жөнінде мәлімет те ағылшын тілінде жазылған.

 



Ұқсас жаңалықтар