Атақты әртістерден акцияға қолдау келді

Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Кожа жаңа типтегі коронавируспен күрес аясында халықтың үйде отыруы үшін шақыруын жалғастырды.

1385469
Атақты әртістерден акцияға қолдау келді
Burak Ozcivit-Fahriye Evcen.jpg
fazil say.jpeg

Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Кожа жаңа типтегі коронавируспен күрес аясында халықтың үйде отыруы үшін шақыруын жалғастырды. 

Фахреттин Кожа әлеуметтік желіде атақты актерлер Бурак Өзчивит пен Фахрие Евжен ерлі-зайыптылардың үйде түскен суреттерін “Өмір үйге сияды”деген этикетпен жариялады. 

Министр Кожа: “Бурак Өзчивит пен Фахрие Евжен “Өмір үйге сияды” дейді. Акциямызға қолдау көрсеткендері үшін оларға алғыс айтамын” деп жазды. 

Акцияға қолдау берген әлемге танымал пианист және сазгер Фазыл Сайдың да суретін этикеттеп жариялаған министр Сайға алғыс айтып: “Музыка болған жерде өмір тамаша” деп жазды.



Ұқсас жаңалықтар