Бұларды білетін бе едіңіз? -31

Телкари өнерінің  ғасырлар бұрын Мардин өңірінде дүниеге келген бір өнер түрі екенін білетін бе едіңіз?

1242608
Бұларды білетін бе едіңіз? -31

Телкари өнерінің  ғасырлардан бұрын Анадолыдағы Мардин өңірінде дүниеге келген бір өнер түрі екенін білетін бе едіңіз?

 Телкари (Зергерлік, филигрань)  жіңішке алтын немесе күміс  жіптерді үш қабаттап ширатып, әр түрлі әсем бұйымдарды жасау өнері болып табылады.

Анадолыдағы Мардин өңірінде пайда болып, дамыған қол өнері.

Зергерлікте шебер әсем бұйымды жасауда пайдаланатын барлық материалдарды өз қолымен дайындайды. Барлық жұмыс аяқталғаннан кейін шебер жасалу уақыты мен қолтаңбасын бұйымның ең көрнекті жеріне қалдырады.

Қаламмен жарқырату ісі де қалған  санаулы ғана мардиндік шебердің дәстүрі ретінде  жалғасып келеді.

Археологиялық қалдықтарға негізделгенде телкари зергерлігінің тарихы біздің ғасырымыздан бұрынғы үш мың жылдыққа дейін созылады.  Бұл өнер бір дәстүр ретінде Мезопотамия географиясында өмір сүрген сурианилер тарапынан бүгінге жеткізілген. 

Османлылар дәуірінде қатты қызығушылық туғызған телкари өнері сол дәуірлерде де сурианилерге тән бір өнер саласы ретінде қабылданған. Жақын тарихқа дейін осылай жалғасқан. Алайда соңғы жылдары сурианилермен бірге мұсылмандар да аталмыш өнермен айналыса бастады.  



Ұқсас жаңалықтар