Бүгін - Дүниежүзілік мүгедектер күні

ДДСҰ мағлұматтарына қарағанда бүкіл әлемде мүгедек адам  саны күн өткен сайын артуда.

1098922
Бүгін - Дүниежүзілік мүгедектер күні

Дүниедегі мүгедектер саны күн өткен сайын артуда.

БҰҰ 1992 жылы мүгедектердің құқығына, өмірлеріндегі қиыншылықтар мен мәселелерді шешу жолдарына назар аудару мақсатты  3 желтоқсан күнін «Дүниежүзілік мүгедектер күні» ретінде жариялады.

БҰҰ мүгедектерді «жеке немесе әлеуметтік тіршілікте өз қажеттілігі үшін жұмыстарын, физикалық не болмаса рухани қабілеттер тұрғысынан генетикалық немесе кейіннен пайда болған кезкелген бір кемшілік нәтижесінде қолдана алмайтындар» деп атайды.

Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымы (ДДСҰ) мағлұматтарына қарағанда мүгедектер «әлемде ең көп шеттетілген тобы» арасында орын алуда.

ДДСҰ-ға қарағанда диабет, жүрек және тамыр аурулары, ісік пен ақыл-ойынан тану сияқты хроникалық денсаулық проблемаларының жаһандық көлемде мүгедекті арттыратын себептер арасында орын алады.

Ұйымға қарағанда 7 миллиард адам саны бар ғаламшарда 1 миллиард адамнан астамы әртүрлі мүгедектік жағдайына душар.

ДДСҰ әлем тұрғын санының шамамен 15 пайызын құраған осы көрсеткіштің күн өткен сайын артқанына назар аударуда.

БҰҰ мүгедектердің мәселелеріне назар аудару мақсатты биылғы тақырыбын «мүгедек тұлғаларды күшейту, ынталандыру және теңдікті қамтамасыз ету» деп белгіледі.

Ұйым 2030 жылы күн тәртібінде «ешкімді артта қалдырмауға» уәде береді.



Ұқсас жаңалықтар