Түркия әлем чемпионатын екінші орында аяқтады

Футболдан ампутант ұлттық құрамасы Мексикада ойналған әлем чемпионатында екінші болды.

1081646
Түркия әлем чемпионатын екінші орында аяқтады
New folder (2)/amputee_3.jpg

Түркия Футбол Федерациясының «Түркия футбол ойнайды» деген жобасы аясында қолдау берген, Мүгедектер спорт федерациясы құрамында Turkcell демеушілігімен көгалға шыққан Футболдан ампутант ұлттық құрамасы Әлем чемпионаты кубогы финаль матчында Анголамен ойнады.

Мексиканың Сан-Хуан де Лос-Лагос қаласында ойналған чемпиондық матчында 0-0 тепе-теңдік бұзылмаған соң матчтың мерзімі созылды. Он минуттан екі рет созылған матчта екі команда да гол сала алмады.

Пенальти (айып добы) атуда Түркия командасынан Барыш Телли, Мұхаммед Йеген, Фатих Шентүрік және Рахми Өзджан қақпаға гол салғанмен Осман Чакмак 5-ші пенальти де табысты болалмады. Түркия Анголадан 5-4 жеңіліп, әлем чемпионаты кубогында екінші орын алды.

Әлем чемпиондығына қол жеткізе алмаған ампутант ұлттық құрамасының мазасыздығы назар аударды.



Ұқсас жаңалықтар