Түрік құрамасы жартылай финалға көтерілді

Мүгедектер арбасындағы баскетболдан түрік құрамасы Польша құрамасын жеңді.

1049656
Түрік құрамасы жартылай финалға көтерілді

22 жастан кіші ерлер арасындағы Мүгедектер арбасындағы баскетболдан Еуропа чемпионатында сайысқан Түркия командасы топтағы үшінші матчында Польша командасын 58-33 есебімен жеңіп,  жартылай финалға жолдама алды.

Ұлттық баскетболшылар Италиядағы чемпионатта үшінші матчында Польша құрамасымен сайысты.

Алғашқы периодты 19-13 есебімен алда аяқтаған Түркия екінші ширекте 32-20 есебіне жетті. Түрік баскетболшылар үшінші периодты 44-26 есебімен,  соңғы периодты да 58-33 есебімен аяқтады.

Чемпионаттың соңғы чемпионы түрік құрамасы 2 жеңіс және 1 жеңіліспен жартылай финалға жолдама алды.



Ұқсас жаңалықтар