Түріктің төбеті Францияда отарды қорғайды

Францияда шаруашылық иелері отарларын түріктің «кангал» атты төбетіне аманат етті.

977301
Түріктің төбеті Францияда отарды қорғайды

Францияда соңғы жылдары артқан қасқыр шабуылдарымен арпалысқан шаруашылық иелері отарларын енді түріктің «кангал» атты төбетіне аманат етті.

Елдің оңтүстігіндегі Дроме аймағындағы мал шаруашылығы иелері 2017 жылы 30 пайызға көбейген қасқыр шабуылдарына қарсы түріктің төбетін сатып алды.

Осылайша олар өз отарларын Кангал төбеттің көмегімен сақтап қалады.

Кангал төбеттері иттің басқа түрлеріне керісінше шабуыл болған кезде, отардан алыстайды немесе алдына шығып, қасқырды ықпалсыз жағдайға келтіреді.

Кангал төбетінің басқа бір қасиеті – олар адамға шабуылдамайды.

Түркияның Сивас өңірінен шыққан аталмыш Кангал төбетінің денесі ірі, өзі батыл, мығым және ақылды.  Иесі тапсырған міндетті бұлжытпай орындайды.

Сезу қабілеттері де жоғары болып келетін Кангал төбеттің қасқырмен күресін мамандар «Қаппайды, керісінше жерге жатқызып, ықпалсыз жағдайға келуін күтеді» деп сипаттайды.



Ұқсас жаңалықтар