Конияда Сопылық кинофильм фестивалі өтуде

Үш күндік шарада сопылық тақырыбында түсірілген фильмдер көрсетіледі.

963423
Конияда Сопылық кинофильм фестивалі өтуде

Мәдениет және туризм министрлігінің қолдауымен Конияда Сопылық кинофильм фестивалі өтуде.

Үш күндік шарада сопылық тақырыбында түсірілген фильмдер көрсетіледі.

Фестиваль Мәулана мәдениет орталығында басталды.

ТР Мәдениет және туризм министрлігі кеңесшісінің орынбасары Нихат Гүл осында сөйлеген сөзінде киномотографияның бай тілмен тарихқа куәгер болып,  қоғам шындықтарын болашаққа жеткізетін өнер түрі екенін айтты.

«Елімізде 2002 жылы түсірілген отандық фильм саны 9 болатын. 2017 жылы 148 фильм түсірілді. 202 жылы отандық кино көрермені 2 миллион болса, 2017 жылы осы көрсеткіш 40 миллионнан асты. Соңғы алты жылда Түркия отандық фильм тамашалауда Еуропада бірінші орында. Фильмдеріміз де,  телесериалдарымыз да елеулі табысқа жетті. 140 ел түрік телесериалдарын тамашалайды» деді ол.

Аталмыш фестиваль аясында айырықша сопылық философияны зерттеушілер мен режиссерлер сұхбат өткізеді.



Ұқсас жаңалықтар