"Нартланы Той Күні" Фестивалі

Қарашай-Балқар халқының жыл сайын ұйымдастырған «Нартланы той күні» мәдениет фестивалі болып өтті.

763484
"Нартланы Той Күні" Фестивалі
Karaçay Aşık turnuvası01.jpg
Nartların Toy Günü02.jpg
Karaçay aşık turnuvası 02.jpg

Эшкишехир қаласында Қарашай-Балқар халқының жыл сайын ұйымдастырған «Нартланы той күні» мәдениет фестивалі болып өтті.

Түркия және шетелде өмір сүрген Қарашай-Балқарлар аталмыш фестивальде басқосты.

Түркиядағы Қарашай-Балқар азаматтық қоғамдары бірігіп жүзеге асырған фестивальге Эскишехир Солтүстік Кавказ Қарашай-Балқар мәдениет және қайырымдылық қоғамы қонақжайлық жасады.

Фестиваль шараларына Одунпазары муниципалитет басшысы адвокат Казым Курт, Әділет және даму партиясы қалалық филиалының басшысы Волкан Доған, Біріккен Кавказ азаматтық қоғамдар федерациясы төрағасы Халук Кутлу және Түркиядағы азаматтық қоғам басшылары қатысты.

Биылғы іс-шараларға көптеген шетелдік және жергілікті қонақ келді. РФ. Қарашай-Шеркес Республикасы мен РФ. Кабардино-Балкария Республикасынан келген халық әншілері мен ансамблдеріне қоса, Абхазия мемлекеттік ансамблі, "Элия" Фольклорлық би тобы, "Мингитау" ансамблі ортақ қойған концерттік бағдарлама келушілерді тәнті етті.

Биыл алғашқысы ұйымдастырылған және Түркия бойынша Асық атудан турнир баршаның назарын аударды.

Анкарадағы Эльбрус ғылым және мәдениет зерттеулері қоғамы ұйымдастырған 1-ші Қарашай-Малқар Асық ойындары турнирі балалар мен жастар категориясында болып өтті.

Қоғам басшысы профессор доктор Уфук Таукул биыл тұңғыш рет ұйымдастырылған бұл турнирдің мәдени құндылықтарды жандандыру және жастарға үйретуді мақсат еткенін атап көрсетті.

Таукул «Асық ату турнирін ел көлемінде ұйымдастырудамыз. Осы фетиваль аясында біз Эскишехир қаласы жеңімпаздарын анықтадық. Қарашай-Малқарда ойналған асықтың түрінен жүйелі түрде бірнеше елде жартылай финалдарды ұйымдастырып, ақтық сайысты Анкара қаласында өткізбекпіз. Анкарадағы ақтық сайыс "Алтын асық" турнирі атымен аталмақ. Жеңімпаздарға алтын жалатылған асық табыс етуді жоспарлап отырмыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар