Мексиканың оңтүстігінде бір жолаушы  автобус аударылып кетті

Мексикада бір жолаушы автобустың аударылуы кесірінен 18 адам қада тапты.

2133698
Мексиканың оңтүстігінде бір жолаушы  автобус аударылып кетті

Мексиканың оңтүстігінде бір жолаушы  автобус аударылып кетті. Апатта 18 адам қаза тауып, 32 адам жарақат алды.

Сан-Луис-де-ла-Пас қаласынан жолға шыққан автобус Мексика штатындағы Капулин-Чальма тас жолында аударылып кетті.

Апат салдарынан 18 адам оқиға орнында қаза тауып, 32 адам жарақат алды. Оқиға орнына апатқа ұшыраған автобуста қалғандарды шығару үшін көптеген өрт сөндірушілер жіберілді.

Зардап шеккендер облыстағы ауруханаларға жеткізілді.

Куәгерлердің айтуынша, апат автобустың тежегішінің істен шығуынан болған.



Ұқсас жаңалықтар