Газада тағы 14 палестиналық қаза тапты

Израиль әскери ұшақтары түні бойы Газаның солтүстігі, оңтүстігі және орталық бөлігіне әуеден соққы берді.

2140728
Газада тағы 14 палестиналық қаза тапты

Израиль армиясының Газаның түрлі аймақтарында жасаған шабуылдарында кемінде 14 палестиналық қаза тапты.

Израиль әскери ұшақтары түні бойы Газаның солтүстігі, оңтүстігі және орталық бөлігіне әуеден соққы берді.

Газаның орталық бөлігіндегі Ан-Нусейрат босқындар лагерінде қоныс аударған палестиналықтар тұрған Әл-Кауни мектебіне жасалған әуе шабуылында 4 палестиналық қаза тауып, кейбірі жараланды.

9 адамның мәйіті түнде Хан Юнус қаласындағы Еуропалық ауруханаға жеткізілді.

Джибалия босқындар лагеріне жасалған шабуылда зардап шеккендер бар.

Рафах қаласының оңтүстігіндегі әл-Ауде айрығы маңында болған шабуылда бір адам қаза тауып, екі адам жараланды.

Енді бір жағынан Израиль әскерлерінің жаулау астындағы Түлкерім және Калкилья қалаларында 1 палестиналықты өлтіріп, 1-і бала 2 адамды жаралағаны айтылды.



Ұқсас жаңалықтар