Нигериядағы жарылыстан 11 адам қаза тапты

Нигерияның Кано уәлаятындағы  мешітте болған жарылыстан 11 адам қаза тапты.

2140672
Нигериядағы жарылыстан 11 адам қаза тапты

Кано полициясының қоғаммен байланыс жөніндегі қызметкері Абдуллахи Харуна жазбаша мәлімдемесінде, кеше уәлаяттың Гезава аймағындағы Лараба Абасава ауылында таң намазы кезінде мұнай барабанының әсерінен жарылыс болғанын айтты.

Харуна жарылыстан 11 адамның өлгенін, 17 адамның жараланғанын атап көрсетті.

Емі жалғасып жатқан кейбір жаралылардың жағдайының ауыр екенін білдірген Харуна, қаза болғандар санының артатынынан алаңдағандарын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар