Кенияда су бөгеті құлап 42 адам қаза тапты

Кенияда «Old Kijabe» су бөгетінің құлауы салдарынан 42 адам қаза тапты.

2133404
Кенияда су бөгеті құлап 42 адам қаза тапты

Кенияда «Old Kijabe» су бөгетінің құлауы салдарынан 42 адам қаза тапты.

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша елдің оңтүстігінде апта бойы толассыз жауған жаңбыр мен су тасқыны «Old Kijabe» су бөгетінің құлауына себеп болды.

Үкіметтің баспасөз хатшысы Ицаак Майгуа Мваура су бөгеттің опырылуы салдарынан болған су тасқынының үйлер мен жолдарды зақымдап, 42 адамның өмірін қиғанын айтты.

Іздеу-құтқару жұмыстарының жалғасып жатқанын білдірген Мваура наурыз айындағы нөсер жауын салдарынан болған су тасқыны салдарынан 103 адамның қаза тапқанын білдірді.

Су басу қаупі бар аймақтардағы үйлер су астында қалып, көптеген адам мектептерді паналады. Ел көлемінде 200 мыңнан астам адам су тасқынынан зардап шекті.



Ұқсас жаңалықтар