Испания Палестина мемлекетін тануға дайын

​​​​​​​Испания премьер-министрі Педро Санчес «Испания Палестина мемлекетін тануға дайын» деді.

2126578
Испания Палестина мемлекетін тануға дайын

Испания премьер-министрі Педро Санчес елінің Палестина мемлекетін тануға дайын екенін айтты.

Испания парламентіндегі оппозицияның үкіметке сұрақтары отырысында сөз сөйлеген Санчес Палестинаны жазға дейін мойындайтындарын қайталап, мұның қажеттілігін алға тартты.

Санчес Газада ғасырдың ең аянышты адамзат апаттарының бірі болғанын атап өтті.

Педро Санчес «Біз тараптардан тұрақты атысты тоқтатуды, Хамастың лаңкестік әрекеттерін айыптауды, кепілге алынғандарды дереу босатуды және адами апатқа сәйкес гуманитарлық көмек жеткізуді сұраймыз» деді.

Премьер-министр Санчес  «Израильдің шексіз күш қолдану әрекеті әлемді және Таяу Шығысты тұрақсыздандыруға және ондаған жылдар бойы адам құқықтарын бұзуға қауіп төндіреді» деп көрсетті.

Санчес халықаралық қауымдастықтың Палестинаның бар екенін мойындамайынша оған көмектесе алмайтынын баса айтты.

Санчес «Испания Палестина мемлекетін тануға дайын» деді.



Ұқсас жаңалықтар