200 мың мұсылман Ақса мешітіне жиналды

Мыңдаған палестиналық Израиль азаматы да Қадір түнін тойлау үшін Шығыс Иерусалимге келді.

2125555
200 мың мұсылман Ақса мешітіне жиналды

Палестинада 200 мың мұсылман Қадір түнін басып алынған Шығыс Иерусалимдегі Ақса мешітінде өткізді.

Иерусалим исламдық қорлар басқармасы Рамазан айының 27-ші түнінде атап өтілетін Қадір түніне 200 мың мұсылманның әл-Ақсаға жиналғанын хабарлады.

Бұл қасиетті түнді әл-Ақса мешітінде өткізгісі келген отбасылар да осында дастархан жайып, оразаларын ашты.

Рамазан айының соңғы күндерін әл-Ақсада ғибадатпен өткізгісі келген көпшілік қасиетті ғибадатхананың ауласы мен бағына шатырлар тіккен.

Мыңдаған палестиналық Израиль азаматы да Қадір түнін тойлау үшін елдің түкпір-түкпірінен жүздеген автобуспен Шығыс Иерусалимге келді.

Қасиетті түнде басып алынған Батыс Шериядан Шығыс Иерусалимге келгісі келген мыңдаған палестиналық болса Израиль тосқауылына тап болды.

Шығыс Иерусалим мен Батыс Шерия 1967 жылдан бері Израильдің басқыншылығы астында.



Ұқсас жаңалықтар