Индонезиядағы су тасқыны мен көшкіндерде 41 адам қаза тапты

Индонезияның Батыс Суматра уәлаяты табиғи апатпен күресуде.

2138701
Индонезиядағы су тасқыны мен көшкіндерде 41 адам қаза тапты

Индонезияның Батыс Суматра уәлаятында су тасқыны мен көшкін салдарынан қаза тапқандар саны 41-ге жетті.

Ұлттық табиғи апаттарды басқару агенттігінің баспасөз хатшысы Абдул Мухари су тасқынында 200-ге жуық үйдің су астында қалғанын және кейбір ғимараттарға қатты зақым келгенін мәлімдеді.

Батыс Суматра Апат салдарын азайту агенттігінің басшысы Ильхам Вахаб іздеу-құтқару қызметкерлерінің аймақта көптеген мәйіт тапқанын және қаза тапқандар санының 41-ге ұласқанын мәлімдеді.

Жоғалған 17 адамды іздеу-құтқару жұмыстарының жалғасып жатқанын мәлімдеген Вахаб қолайсыз ауа райының жұмысқа кедергі жасағанын білдірді.

Мерапи жанартауының атқылауы нәтижесінде жиналған жартастар, күл және топырақ үйіндісінің муссондық жаңбыр себепті ығысуы мен су тасқыны салдары адам өліміне әкелді.



Ұқсас жаңалықтар