Украинаның Белгород облысына шабуылында 12 адам қаза тапты

Шабуылда 20 адамның да жараланғаны білдірілді.

2138615
Украинаның Белгород облысына шабуылында 12 адам қаза тапты

Ресей Төтенше жағдайлар министрлігі Украина армиясының Белгород қаласына жасаған шабуылында 12 адамның қаза тапқанын хабарлады.

Белгород облысының губернаторы Вячеслав Гладков өзінің Telegram-дағы аккаунтынан шабуылда 20 адамның жараланғаны туралы ақпарат бөлісті.

Ресей Қорғаныс министрлігі жасаған мәлімдемеде Украина армиясының Белгород қаласына «террорлық» шабуыл жасағаны айтылды.

Кремль сарайының баспасөз хатшысы Дмитрий Песков президент Владимир Путинге Белгород қаласындағы жағдайға қатысты ақпарат берілгенін атап көрсетсе, Сыртқы істер министрлігі баспасөз хатшысы Мария Захарова Telegram-дағы аккауынтынан жасаған мәлімдемесінде «шабуылға Киев әкімшілігі мен Батыс жауапты» деді.



Ұқсас жаңалықтар