Израильді қолдайтын компаниялардың сайтын дайындады

Израильді қолдайтын брендтерге бойкот жариялауды жеңілдететін сайттың қолданба нұсқасы жасалады.

2122071
Израильді қолдайтын компаниялардың сайтын дайындады

Америка Құрама Штаттарында (АҚШ) палестиналық және кашмирлік жас жұбайлар жеке израильдік компанияларға тиесілі брендтерді анықтайтын және тұтынушылардың оларға бойкот жариялауын жеңілдететін веб-сайт жасады.

Түркия Телерадио корпорациясының (TRT) халықаралық арнасы TRT World «X» әлеуметтік медиа платформасында Шехзад пен Надия есімді кәсіпкер жұппен жасалған сұхбаттың видеосын бөлісті.

Палестина текті Надя Израильдің Газаға шабуылдары жалғасып жатқанда Палестина халқы үшін әлеуметтік медиада фотосуреттерді бөлісумен ғана шектеліп қалмайтынын және күйеуі Шехзадпен бірге «DisOccuped» атты веб-сайт жасағанын айтты.

Сайтты әзірлеу барысында Америка-Израиль Саяси Әрекет Комитетіне (AIPAC) қолдау көрсететін компанияларды анықтау үшін жүздеген сағат жұмсағандарын атап өткен Шехзад «Біз  тұтыну әдеттеріңізді қайта қарауыңызды сұраймыз» деді.

Надя «Зекет төлей отырып, сіз геноцидке қатысы бар компанияларға да қолдау көрсетуіңіз мүмкін» деп ескертті.

Сионистік ұйымдардың Израильдің заңсыз қоныстарын қаржыландыруға жұмсаған ақшасының басым бөлігінің жеке капиталдан келетініне назар аударған Шехзад сайтта осы брендтерді көрсететінін айтты.

Надя Израильді қолдайтын брендтерге бойкот жариялауды жеңілдететін «DisOccuped» сайтының қолданба нұсқасының да дайындық кезеңінде екенін жариялады.



Ұқсас жаңалықтар