Сомалиде «Аш-Шабаб» террор ұйымына шабуыл жасалды

Шабуылда террор ұйымы мүшесі 70 содыр залалсыздандырылды.

2132470
Сомалиде «Аш-Шабаб» террор ұйымына шабуыл жасалды

Сомалиде «Аш-Шабаб» террор ұйымына жасалған әуе операциясында ұйымға мүше 70 адам залалсыздандырылды.

Ақпарат министрлігінен жасалған жазбаша мәлімдемеде Мудуг аймағында «Аш-Шабаб» террор ұйымына қарсы әуе операциясы жасалғаны атап көрсетілді.

Операция кезінде ұйымның 70 мүшесінің қаза тауып, 30-ының жараланғаны хабарланды.

Аталған аймақта сәрсенбі күні ұйымға қарсы жүргізілген операцияларда 150-ден астам «Аш-Шабаб» мүшесінің өлтірілгені білдірілді.

Сомали армиясы «Аш-Шабаб» террор ұйымына қарсы операцияларын күшейтіп жатса, ұйым мүшелері азаматтық және әскери аймақтарды нысанаға алуда.



Ұқсас жаңалықтар