Ирандағы әуе шабуылында 2 адам қаза тапты

«IRNA» ресми ақпарат агенттігі шабуылмен байланысты мәлімдеме жасады.

2132464
Ирандағы әуе шабуылында 2 адам қаза тапты

Иранның оңтүстік шығысындағы Систан-Белужистан уәлаятында қауіпсіздік күштері тарапынан жасалған қарулы пилотсыз әуе көлігімен жасалған шабуылда 2 адам қаза тапты.

«IRNA» ресми ақпарат агенттігінің хабарлауынша, қауіпсіздік күштері уәлаяттың «Шуру» аймағында «террористік ұйым» мүшелеріне тиесілі көлікті нысанаға алған.

Шабуылда 2 адамның қаза тапқаны хабарланғанымен, «террорист» деп атаған адамдардың қай ұйымға қатысы бар екені айтылмады.

Иранның оңтүстік шығысында Пәкістан шекарасында орналасқан Систан-Белучистан уәлаятыанда-санда қарулы және бомбалы шабуылдар ұйымдастыратын «Джейшуль Адл» атты қарулы террор ұйымның шабуылдарына сахна болуда.



Ұқсас жаңалықтар