Дональд Туск әлем соғыстың жаңа дәуіріне аяқ басқанын мәлімдеді

Туск «Біздің басты міндетіміз Украинаны Ресей шапқыншылығынан  қорғау және Украинаны тәуелсіз ретінде сақтап қалу» деді.

2122128
Дональд Туск әлем соғыстың жаңа дәуіріне аяқ басқанын мәлімдеді

Польша премьер-министрі Дональд Туск әлем соғыстың жаңа дәуіріне аяқ басқанын мәлімдеді.

Дональд Туск Екінші дүниежүзілік соғыстан (1939-1945) кейін ең қиын кезеңдердің бастан кешкеніне назар аударып, әлемнің жаңа соғыс кезеңіне кіргенін қабылдау керектігін айтты.

Туск баспасөзге сөйлеген сөзінде алдағы екі жылдың бәрін анықтайтынын баса айтты.

Туск «Мен ешкімді қорқытқым келмейді. Бұл шынайы және ол екі жыл бұрын басталды» деді.

Польша премьер-министрі Украинадағы жағдай бір жыл бұрынғыдан әлдеқайда қиын екенін және  сонымен бірге соғыс басындағыдан (2022) әлдеқайда жақсырақ екенін мәлімдеді.

Туск «Біздің басты міндетіміз Украинаны Ресей шапқыншылығынан  қорғау және Украинаны тәуелсіз ретінде сақтап қалу» деді.



Ұқсас жаңалықтар