12 тұтқын әйелдің аяғын жуды

Рим Папасы Франциск Реббибия түрмесіне барып, 12 тұтқын әйелдің аяғын жуып, сүйді.

2121876
12 тұтқын әйелдің аяғын жуды

Католик әлемінің рухани жетекшісі Рим Папасы Франциск католиктердің қасиетті Пасха рәсімі аясында 12 тұтқын әйелдің аяғын жуды.

«Қасиетті бейсенбі» деп аталатын күні Рим Папасы Франциск Италияның астанасы Римдегі Реббибия түрмесіне барып, 12 тұтқын әйелдің аяғын жуып, сүйді.

«VaticanNews» хабарында Рим Папасы аяқтарын жуған тұтқындардың итальян, ресейлік, болгариялық, нигериялық, украиндық, перулік және босниялық-герцеговиниялық екені айтылды.

Әзірет Исаның крестке шегеленуінен бір күн бұрын сүйіспеншілігін көрсету үшін 12 шәкіртінің аяғын жууымен басталған Пасха рәсімін жалғастырған Рим Папасы Францисктің бұрынғы папалардан айырмашылығы - діни қызметкерлердің орнына мұқтаждардың немесе тұтқындардың аяқтарын жууды жөн көреді.



Ұқсас жаңалықтар