PKK жақтастары Францияда шиеленіс тудырды

Ұлттық баспасөз PKK жақтастары себеп болған оқиғада 3 адамның жарақат алғанын хабарлады.

2121381
PKK жақтастары Францияда шиеленіс тудырды

Францияның бас қаласы Париждегі «Шарль де Голль» әуежайында бөлшектеуші террор ұйымы PKK жақтастары себеп болған оқиғада 3 адам жарақат алды.

Ұлттық баспасөзде орын алған хабарға қарағанда Франциядан депортациялау шешімі шыққан PKK террор ұйымы мүшесі Фираз Коркмаздың Түркияға қайтарылуына қарсы шыққан бөлшектеуші террор ұйымы жақтаушылары «Шарль де Голль» әуежайында жиналды.

Шамамен 20 адамнан тұратын топ Коркмазды алып кеткен Ұлттық Кері қайтару бөлімшесіне шабуылды.

Террор жақтаушылары және әуежай қызметкерлері арасында да шиеленіс болды.

Француз әскерлерінің бақылауындағы оқиғада әуежайда жұмыс істеген 3 адам жарақат алды.

Коркмаздың Түркияға қайтарылғаны білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар