Песков: АҚШ назар аударуға тырысады

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеме жасады.

2121587
Песков: АҚШ назар аударуға тырысады

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков АҚШ-тың «Крокус Сити Холлдағы» террор шабуылы жауапкершілігін ДАИШ-тің жасағаны ықтималын алға тартып назарды аударуға тырысқанын мәлімдеді.

Песков «Известия» газетіне берген сұхбатында «Тергеу әлі жалғасып жатқандықтан, жалғыз бір ықтималды назарға алмасақ та, американдықтардың бір ықтималды күн тәртібінде ұстауға батылдық танытқаны қызық. Әрине бұл олардың басқа ықтималдарды жоққа шығарғысы келетінін білдіреді» деді.

Песков АҚШ, Украина және басқа елдердің мәлімдемелерімен нені нысанаға алғандарын түсіну үшін шыдамдылық танытып, ресейлік барлау және тергеу органдарының жұмысын аяқтауын күту керектігін білдірді.

РФ Қауіпсіздік қызметі (ФСБ) директоры Александр Бортников концерт залындағы шабуылдың артында АҚШ, Ұлыбритания және Украина тұрғанын мәлімдеген еді. Жұма күнгі шабуылда 140 адам қаза тапқан болатын.



Ұқсас жаңалықтар