Израиль армиясы  Ливанның оңтүстігіне шабуыл жасады

Израиль армиясының Ливанның оңтүстігінде соңғы 24 сағатта жасаған шабуылында 16 адам қаза тапты.

2121268
Израиль армиясы  Ливанның оңтүстігіне шабуыл жасады

Ливанның «NNA» ресми агенттігінің хабарына қарағанда Израиль армиясы Ливанның шекаралық аймағында орналасқан Накура қаласындағы бір дәмханаға зымыранмен шабуыл жасады.

Накурадағы шабуылда кемінде 3 адамның қаза тапқаны және көптеген адамның жараланғаны айтылды.

Сондай-ақ Израиль армиясы Тейр Харфа қаласында Исламдық бақылау қауымдастығының азаматтық қорғаныс топтары орналасқан ғимаратқа әуе шабуылын жасады.

Шабуыл салдарынан азаматтық қорғаныс тобынан 6 адамның қаза тапқаны баяндалды.



Ұқсас жаңалықтар