Дмитрий Кулеба Мәскеу шабуылы туралы мәлімдеді

Украина Сыртқы істер министрі Варшавада өткен онлайн жиналыста мәлімдеме жасады.

2121391
Дмитрий Кулеба Мәскеу шабуылы туралы мәлімдеді

Украина Сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба 22 наурыз күні кешкісін Ресейдің бас қаласы Мәскеудегі концерт залында қарулы адамдар жасаған лаңкестік әрекетті Украинамен байланыстырудың «дұрыс емес және мағынасыз» деді.

Дмитрий Кулеба Польшаның бас қаласы Варшавада өткен онлайн жиналыста мәлімдеме жасады.

Мәскеудегі лаңкестік әрекетті Украинамен байланыстыратын ресейлік лауазымдыларға қатысты сұраққа Кулеба мұның «дұрыс емес және мағынасыз» екеніне назар аударды.

Кулеба «Ресей Украинаны қаралау үшін бәрін жасады» деді.

Мәскеудегі терактіде 140 адам қаза тапқан болатын.



Ұқсас жаңалықтар